1a0a5c36-b81b-4d66-b8ff-278307168ddf

«ANSAR VOLUNTEER» ТОБЫ КАРАНТИН КЕЗІНДЕ КІТАП ОҚУДАН МАРАФОН ӨТКІЗДІ

Карантин уақытында @ansar volunteer тобы кітап оқудан online марафон өткізді. «Аңсар» волонтерлары Instagram парақшасында марафонның мақсаты жеңу емес, мейлінше көбірек кітап оқу. Тек оқып қана қоймай, зерделеп, ұғынуға ден қою деп жазады.

Волонтерлар 2-аптаға созылған online кітап оқу марафонында Дамира Өмірзаққызының «Адамзатың асыл тәжі» кітабын және Қайрат Жолдыбайұлының «Имани Гүл» кітабын оқып, білімдерін арттырды.

Марафон қортындысында ең үздік қатысушыларға жүлделі орындар мен «Адамзаттың асыл тәжі», «Саңлақ сахабалар», «Балам жақсы болсын десеңіз» кітаптары сыйға тартылды.

Комментарии закрыты.