8b79b064-090d-49fc-9a78-7c67b6f99f42

АМАНАТҚА ҚИЯНАТ ҚЫЛУ – КҮНӘ

Тапсырылған аманатқа қиянат қылу күнә. Жалпы, аманатқа отбасы алдындағы жауапкершілік, қоғам алдындағы жауапкершілік және тағы басқа да толып жатқан міндеттер жатады. Сол сияқты адамдар арасындағы бір-біріне сеніп тапсырылған нәрселер де аманат саналады. ⠀
Қазіргі кезде аманатқа қиянат қылу көп таралған күнәлардың бірі. Алла Тағала былай дейді: «Уа, иман келтіргендер! Келісімдеріңде (уағдаларыңда) тұрыңдар!» (Мәида сүресі, 1-аят). Әнес сахабадан (р.а.) жеткен риуаятта Алла Елшісі (с.а.с.): «Аманатты сақтай алмайтынның иманы жоқ, сертте тұрмайтынның діні жоқ», – деген (Ахмет риуаят еткен).

«Дін және дәстүр» кітабынан
Е.Малғажыұлы

Комментарии закрыты.