782243ad-c2ea-4076-855e-c2d29d9824b3

ИМАМ МАТУРИДИДІҢ ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЕРІК БОСТАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ ОЙЛАРЫ

Әлемдегі барлық қоғамда маңызды әлеуметтік институттардың болатындығы әмбеге аян. Солардың бірі қоғамды үйлестіріп, қорғап отыратын билік институты. Ислам мәдениеті мен әдебиетінде саяси және діни билік мәселелерін қамтитын «имам» ұғымы кездеседі. Бұл намаздағы имамнан бөлек мемлекеттік басқаруға қатысты ұғымды білдіреді. Исламдағы сенім (кәләм) және фиқһ саласындағы еңбектерде арнайы тақырып ретінде қарастырады.

Имам Матуридидің тақырыпқа қатысты көзқарастарын «Тәуилат әһл ас-сунна» атты еңбегінен және бүгінге дейін жетпесе де басқа әдебиеттерде сілтеме берілген еңбектерінен (мақалат) анық көруге болады. Мысалы: «Аллаға, оның пайғамбарына және араларыңнан шыққан улул-әмірге (басшыға) бағыныңдар» деген аяттың тәпсірінде «улул-әмір» сөзін «қолбасшылар» мен «фақиһтар» (фиқһ ғалымдары) деген негізде түсіндірген. ⠀

Матуридидің басшылықты діни және саяси деп бөліп қарастыруы өзіне дейінгі қалыптасқан көзқарастардан өзгеше әрі қызықты жағдай.
⠀ ⠀
Негізінде Имам Матуридидің кейбір ойларының төркіні Әбу Ханифадан бастау алады. Соның бірі әрі маңыздысы ерік бостандығы туралы ойлары. Матуриди дін мен шариғатты екі бөлек ұғым ретінде қарастырады. Имам Матуриди иманды «дін және сенім» деп атайды. Ал, шариғатты уахиға негізделген үкімдер деп есептейді. Осылайша ақыл мен дін, шариғат пен уахи қарым-қатынасы туралы сөз қозғайды. Иман – ол дін. Дін сенім негіздерінен тұрады, сенімнің немесе ерік бостандығының орын тебетін жері жүрек. Ол ешқандай мәжбүрлеу мен қысымның әсеріне ұшырамайтын тәуелсіз орын. Иманға осы тұрғыда ешқандай жаратылыстық күш әсер ете алмайды. Пенде осы тұрғыдан ерік бостандығына ие. Иман мәселелерінде ешқандай «насх» (үкімін жою) пен истинбат (аталатын үкімдердің өзгеруі мен түрленуі) орын алмайды.

Ал, шариғатты уахиға негізделген үкімдер деп есептейді. Осылайша ақыл мен дін, шариғат пен уахи қарым-қатынасы туралы сөз қозғайды. Иман – ол дін. Дін сенім негіздерінен тұрады, сенімнің немесе ерік бостандығының орын тебетін жері жүрек. Ол ешқандай мәжбүрлеу мен қысымның әсеріне ұшырамайтын тәуелсіз орын. Иманға осы тұрғыда ешқандай жаратылыстық күш әсер ете алмайды. Пенде осы тұрғыдан ерік бостандығына ие. Иман мәселелерінде ешқандай «насх» (үкімін жою) пен истинбат (аталатын үкімдердің өзгеруі мен түрленуі) орын алмайды. Ал, шариғат болса пайғамбарларға қарай өзгеріп, құлшылық формалары да түрленіп отырады. Дін жүректің ісі болса, шариғат көбінесе сыртқы іс-әрекет пен қарым-қатынас формаларын қарастырады. Шариғат үкімдері әлеуметтік және саяси қажеттіліктерге қарай жаңарып, белгілі деңгейде үнемі жаңғырып отыратын өміршеңдікке ие құбылыс. Имам Матуриди насх туралы былай дейді: «Насх — белгілі бір үкімнің күшін жоятын мерзімінің толғандығын мәлімдеу. Бұл жаңадан бір үкім шығаруға жатпайды әрі алдыңғы үкімге де қайшы келмейді. Белгілі уақытқа арналған үкімнің мерзімінің аяқталып, екінші бір мерзім үшін жаңартылуы… Алла Тағала белгілі бір мерзім үшін бекіткен үкімін тікелей аяттар арқылы, кейде пайғамбар хадисі арқылы жойып отырады». Бұған маслаханың (қажеттіліктің) қалмауы және басқа қажеттіліктің туындауы себеп болады.
Қорыта келгенде Имам Матуридидің иман мен амал арақатынасы туралы көзқарасы, адамның сырттай қарағандағы іс-қимылы мен формасына қарап иманды өлшеуге болмайтындығын, адам иманы арқылы теңдессіз ерік бостандығына ие екендігін меңзейді. Ғибадат пен қарым-қатынас қағидалары иманның бір бөлігі болмағандықтан, иман еткен барлық мүміндер тең. Дәреже мен мәртебе тек тақуалыққа негізделеді. Ал, басшылықты саяси және діни деп бөлуі мемлекеттік басқару мен діни басқару саласының екі бөлек институт екендігін айқындай отырып, мемлекет пен діннің арақатынасындағы зайырлылық ұстанымының өзіндік үлгісін көрсетіп кеткен. Тарихқа үңілсек ислам дінін ұстанған мемлекеттердің барлығы осы үлгіні ұстанған деуге болады. Қазіргі кездегі кейбір жат ағым өкілдері саяси билікке діни критерийлермен қарап, иман мен амалдың арақатынасын жете түсінбегендіктен де сыртқы қарым-қатынас формаларына қарап адамдардың иманына, ерік бостандығына тиісуге бейім тұрады. Сол үшін діни салада ханафи-матуриди бағытының теологиялық көзқарастарына ден қойған жөн.

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, PhD доктор, Имаммади Түсіпхан

Комментарии закрыты.