0d5dbbe7-dedd-4519-8380-5e3f40f00373

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ ЕСКЕРІЛУІ ҚАЖЕТ… (Жалғасы…)

Адамның бойында туа пайда болатын мына негізгі еріктерді жаншып тастайтын әрекеттерді балаларға көрсетпеу қажет:

Баланың айналасындағы болып жатқан жайттарды, тұрған жері мен басына келген істі бағамдай білуіне кедергі келтіру, орынсыз ескертпелер мен жөнсіз тыйымдар баланың болашағын бұлыңғыр қылып, өз бетінше әрекет етуіне перде болады;

«Епсізсің, салақсың, қолыңнан келмейді» деген сөздер баланың өткені мен кеткенін жіпке тізіп, балашағына болымсыз ой жүгірту, баланың сол кезеңіндегі әрекетінен хабарсыз өмір сүруіне әкеліп соғады; ⠀
Баланың ашу, қорқыныш, қарсылық, мазасыздық секілді әр түрлі эмоцияларын қабылдамау; олардың сезімдерін еркін жеткізуіне мүмкіндік бермеу.
Бала ішкі сезімін тұншықтырып, ішіндегі ойын айтқаны үшін жазаға тартылып, жерден алып жерге салынатын болса, сезімін ішіне жасырып, ынжық болып өседі. Жақсы көрсе, жақсы көруіне рұқсат ету қажет. Егер тосқауыл болу қажет болса, бала ішіндегісін айтқаннан кейін ғана оған дұрыс бағыт-бағдар бере отырып түсіндіру керек.

Комментарии закрыты.