b9b7ca81-f120-4b74-ad43-d0b4b12867c1

МУЗЫКА ТУРАЛЫ ИСЛАМ ҒҰЛАМАЛАРЫНЫҢ ПІКІРЛЕРІ

 Ислам ғұламалары музыкаларды өз арасында пайдалы, зиянды немесе әсерлі, кері әсерлі секілді сатыларға қарай бөліп қараған.

Мұсылмандар бір істі бастамас бұрын, бір сөз сөйлемес алдын, дұрыс, бұрыстығын білу үшін ең алдымен Құран Кәрімге қарайды. Құран Кәрімде үкімін таба алмаған мәселелерді, Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.ғ.с) хадистеріне қарайды. Қай мақсатта, не себепті айтылғанын, қандай оқиғаға қатысты айтылғанын зерттеп, ислам ғұламалары үкім шығарады. Құранда тікелей музыкаға тыйым салған аят жоқ. Пайғамбарымыздың хадистеріне қарасақ, тыйым салынған музыкалар мен рұқсат етілген музыкалардың болғанын байқаймыз. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) музыкаға қатысты үкімін зерттеген, Египеттің солтүстігінде орналасқан Буһайре провинциясында дүниеге келген Ислам ғұламасы Шалтут Мухаммад (1893-1963) Әл-Пәтуа, дираса Ли-мушкилати л-муслими л-муашар фи хайатихи л-иеумиати л-амма (Каир, 1959 және Бейрут, 1983) жарық көрген бұл еңбегінде қандай музыкаларға рұқсат, қандай музыкаларға тыйым салынғанын нақты көрсеткен.

Бұл еңбектің қорытындысында, қандай да болсын музыка мұсылманды ғибадатынан кешігуіне не болмаса орындауына кедергі болатын болса, онда бұған батыл үкім беріледі. ⠀
Музыка адамдарды азғындыққа шақырып, тыйым салынған амалдарды істеуге себепкер болатын болса, рұқсат етілмейді.

Музыка тыңдаған адамдарды қоздыратын болса, бұның нәтижесінде зина немесе зинаға апарар жолдар ашылатын болса, тыйым салынған.

Музыканың сөздерінде тағдырға разы болмайтын, Алланың барлығы мен бірлігін мойындамайтын және әдепсіз сөздер айтылатын болса, рұқсат етілмейді.

Адамгершілік міндеттерімізді ұмыттырып, тәрбиесіз іс-қимылдарды орындауға мәжбүрлейтін болса, рұқсат етілмейді. ⠀
Күпірлікке барған адамдарға еліктеу мен олардың әрекеттерін жаттанды халге айналдырумен қатар әдетке айналдыратын болса, тыйым салынады. ⠀
Ал, егер бұл айтқан мәселелер болмаған болса, барлық музыка адал және рұқсат етілген болып есептеледі.

Абай атамыз: «Құлақтан кіріп, бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй» деп өлең жазған. ⠀
Исатай Бердалиев

Дереккөз: kazislam.kz

Комментарии закрыты.