1

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚПЕН АЙНАЛЫСУДА НЕНІ БІЛГЕН ЖӨН?

Жалпы Ислам діні қайырымдылыққа қатысты кез-келген адамды жігерлендіреді. «Адамдардың ең жақсысы – өзгелерге пайдалы болғаны» — делінген (әд-Дарақтуни).
Қайырымдылыққа ұмтылған кісілерге байланысты Қасиетті Құранда: «Қайырымдылық жасауда бір-бірлеріңмен жарысыңдар» делінген. Бұл — жақсы, ізгі ниет. Ал қайырымдылыққа себепші болған кісілердің ниеті қаншалықты дұрыс, ол – басқа мәселе. Себебі, асыл дінімізде қайырымдылық пен адамдар арасындағы қарым-қатынастың өте жоғары деңгейде болуы талап етіледі. Бұл азаматтардың бір-біріне деген мейірімі мен өзара көмектесу сезімін қалыптастырады» — дейді философия ғылымының кандидаты, дінтанушы Жалғас Сәдуақасұлы.

«Жалпы әркім өзінің қолынан келген көмегін көрсетіп, ниет қылып жатса оған ешкім тосқауыл бола алмасы анық. Бұл жерде адамның ниеті мен жан дүниесінің тазалығы маңызды.
Осы орайда нағыз мұқтаж жандарға қайырымдылық жасаған жақсы. Адамдардың жақсылыққа талпынып, соны істегені, әрине, құптарлық іс. Ақша мәселесінде бақылау механизмдерін жүзеге асыру қажет.
Қазіргі таңда қайырымдылық қаражатын банктегі есеп шоттары арқылы аудару өте дұрыс. Мәселен, қайырымдылық ісімен айналысатын адам өзінің салымшыларына немесе ақша аударатын адамдарға есеп беруі қажет. Ал, ақша айналымына кепілдік болу үшін үйлестірушілер қаржы қозғалысын банкпен бірлесіп, толық есеп бере алады» — дейді дінтанушы, журналист Алғадай Әбілғазыұлы.

Дереккөз: https://kazislam.kz/

Комментарии закрыты.