sfsdfsdf

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ ЕСКЕРІЛУІ ҚАЖЕТ… (Жалғасы…)

Баланың не ойлап жүргендігін білгісі келген ата-ана баласын тәрбиелеуге үмітті деген сөз. Баланың қиялы өте бай болатынын ұмытпаған жөн. Бала 5 жасқа дейін қиялына еріп, әңгімені ойдан құрастырып айтады. Ол – өтірік емес, баланың ой, қиялының дамып жатқанының белгісі. Ал 5 жастан кейін де шындықтан алыс әңгімелер айтуын тоқтатпаса, балаға «дәл қазір және осы жерде» болуға, тек шынайы жайттарды айту керектігін түсіндіре отырып, жеткізу қажет.

Баланы тәрбиелеудің жолы, ең алдымен, оны дұрыс тану арқылы болмақ. Кез келген адамның ойы оның қандайлығы мен кім екендігін байқатады. Егер балаға тиісті дәрежеде ой еркіндігін беретін болсақ, қандай жағдайда да өзіңнен жоғарыға бағыну керек деген қасаң қағидамен өсетін «ынжық» болмайды, керісінше, өзінен жоғарыға сөз жүргізе алатын тәуелсіз тұлға боп өседі.

Комментарии закрыты.