59595

Жаназа намазына қатысты талаптар:

?Жаназа намазына бір ғана діни қызметкердің қатысу;
?Жаназа намазына тек отбасы және жақын тумаларының қатысу;
?Жаназаға жалпы саны 30 кісіден артық жиналмау;
?Бойында дене қызуы немесе жөтелі бар кісінің жаназа намазына мүлде қатыспау;
?Жаназа намазына келуші кісі міндетті түрде санитарлық нормаларды (бетперде тағу, медициналық қолғап кию және екі метрден кем емес арақашықтық) сақтау;
?Індеттен қайтыс болған мәйітті дәрігердің нұсқаулығына сай жуу;
?Жаназа намазы мен уағыздың жалпы уақытын 5 минуттан асырмау;
?Жаназа намазы барысында қол алысып амандаспау;
?Жаназа намазының сабын түзегенде кемінде екі метр қашықтықты сақтау;
?Қабір басында мәйіт жер қойнына тапсырылғаннан кейін жамағатты тездетіп қайтару;
?Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер мен әйел) және жас балалар жаназа намаздарына қатыспау;
?Қонақ асын өткізбеу;
?Жаназадан кейінгі асты өткізбеуге немесе отбасы мүшелерімен шектелу.
©️ Ершат Ағыбайұлы Оңғаров, ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти

Комментарии закрыты.