2342342

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ ЕСКЕРІЛУІ ҚАЖЕТ… ⠀ (Жалғасы…)

Балаға өзінің талғамына қарай бір нәрсені қабылдау немесе қабылдамау еркін беру қажет. Баланың «иә» немесе «жоқ» деп айта алуына ерік беру оны жүгенсіз жіберуге жатпайды.

Бала қабылдаған нәрсесі мен қарсы болған нәрселерінің түбінде бір жауапкершілік бар екендігін тәжірибе арқылы үйренеді. Ал енді бала кезінде «иә» немесе «жоқ» деп таңдау жасап үйренбесе, өмір бойы өз бетінше шешім қабылдай алмайтын адамдардың қатарына жатады.

Сонымен қатар баланың өз-өзін дамытуы үшін ерік беру қажет. Баланың өміріне қатысты қабылданған шешімде баланың ешқандай рөлі болмаса, яғни баладан пікір сұрамай оның болашағы үшін тек ата-ана шешім қабылдаса, бала өз қабілет-қарымын су сепкендей өшіреді. Мұндай бала ішіндегі білуге деген құштарлық, қызығу, іздестіру сезімін жоғалтып алады.

Нәтижесінде, тек қана басқалардың бұйырғанын орындайтын орындаушы ғана боп өседі.

Комментарии закрыты.