1 адам copy(1)

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ҮКІМІ

Ту – жеке бір мемлекетке тән, рәміздік белгілері бар жалау. Әр ұлттың, елдің өздеріне тән туы бар.  Ислам шариғатында да рәміздерге мән беріледі. Деректерде Алла Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) ту мен жалауды ұстаған болса, хадис ғалымдары өз кітаптарында ту мен жалауға қатысты арнайы тарау арнаған.

Әнұран – ән мен сөзден тұратын бір елге тән, елді басқа елдерден ерекешелейтін, әскери және жалпыға ортақ салтанаттарда қойылатын әуен. Әннің үкімі жайында берілген фатуалардың ең таңдаулысы – әннің өзі ғана алып қаралса, ойнатылуы мен тыңдауда тұрған харамдық жоқ.

Елтаңба – мәдени және  тарихи дәстүрін бейнелейтін рәміздік (символдық) мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіретін мемлекеттің басты рәмізі.

Әнұран мен елтаңба да ту секілді, мемлекеттің белгісі. Әнұран айтылғанда ел азаматының орнынан тұруы өз еліне деген құрметі. Отан – құрмет пен бағалауға лайық. Құрмет көрсетілетін, тағзым етілетін нәрсе жансыз болса, шариғатта тыйым салынады деп, кесіп айтуға болмайды. Тыйым салынған тағзым – құлшылық ниетімен жасалған тағзым. Мәселен, пұтқа табыну секілді. Олай болса, құрмет тағзымы дінде рұқсат етіледі.

Үкім:
1. Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету шариғат бойынша рұқсат. Оған берілетін үкім – мубах.
2. Туды, әнұранды, елтаңбаны құрметтеу – елді және оның белгілері мен рәміздерін құрметтеу. Ал ту мен әнұранға құрметсіздік елге құрметсіздік.
3. Мемлекеттік рәміздерді құрметтемеуге шақыру алауыздыққа, бірліктің ыдырауына алып барады. Алауыздық тудырудан қашық болу – парыз.

Дереккөз: http://fatua.kz

Комментарии закрыты.