контр copy

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ ЕСКЕРІЛУІ ҚАЖЕТ… (Жалғасы…)

Бала есейгенше ата-анасының аялы алақанына, бақылауы мен тәрбиесіне мұқтаж. Ата-ана осы кезеңде баланың жүрек, ой және тәндік қажеттіліктерін беруі тиіс. Бұл – ата-ананың міндеті.

Баланың негізгі қажеттіліктерін үшке бөліп қарауға болады:
1) Сезімдік қажеттіліктері;
2) Ой қажеттіліктері;
3) Дене күшінің қажеттіліктері.

СЕЗІМ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ:
1. СЕНУ ҚАЖЕТТІЛІГІ. Әрбір адам үшін бұл қажеттілік ақылы толысқан сайын арта түседі. Баланың базалық сенім қажеттілігі дүниеге келген сәттен басталады. Яғни бала «өмір қауіпсіз» деген сенімді ең алғаш анасынан алады. Сену – адамның жандүниесін қалыптастыратын фактор.

2. СҮЙІСПЕНШІЛІК ҚАЖЕТТІЛІГІ. Бұл қажеттілік – ақылдың емес, рухтың қажеттілігі. Рухта жас ерекшелігі болмайды. Сондықтан сүйіспеншілік сәби ана жатырында жатқан кездің өзінде басталып, өмір бойы жалғасады. Ендеше ата-ана балаларының тоқтығынан гөрі, рухани дүниесін көбірек ойлап, оларды рухани аштықтан сақтауы тиіс.

3. МЕНДІК СЕЗІМІН ОЯТУ. Бұл – балаға аса көңіл бөлу арқылы қалыптастырылатын сезім. Балаға көбірек көңіл бөлгенде, оның өзі туралы ойы өзгереді. «Мен ата-анам үшін маңыздымын», «Ата-анам мені жақсы көреді» деген сенімділік оянады.

Бала жақсы нәрсе жасағанда «Жарайсың» деп қолдап, орынсыз кінәлағанда кешірім сұрай отырып, өзінің қаншалықты маңызды екенін білдіру баланың мендік сезімінің қалыптасуына үлкен көмегін тигізеді.

Комментарии закрыты.