8968968

Терроризм актісі туралы жалған хабарлама

Қазіргі таңда терроризмнің алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Орын алған немесе дайындалып жатқан терроризм актісі жөнінде белгілі болған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабар беру әрбіріміздің азаматтық міндетіміз болса, ал ол жөнінде жалған хабар беру – қылмыс, заңмен жазаланады.

Қазақстан Республикасының № 547-IV Заңы қабылданып, онда ҚК-нің 242 бабының санкциясында, яғни дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлағаны үшін «екi жүзден бес жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға, не жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не алты жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады»

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама бойынша құқық қорғау мен уәкілетті органдардың оқиға болған орынға барумен кеткен барлық шығыны заңсыз іс-әрекетімен кінәлі болып танылған тұлғадан өндіріледі.

Сондықтан, әрбір азаматтың жат қылықтан аулақ болып, орынсыз қалжыңға бой алдырмай, ол үшін қатаң жауапкершілігін сезінгені абзал.

Комментарии закрыты.