99c5c14f-b6c2-4ff7-b75e-a823059393db

«АҢСАР» ВОЛОНТЕРЛАРЫ КАРАНТИН КЕЗІНДЕ КӨМЕКТЕРІН ЖАЛҒАСТЫРУДА

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының жанынан құрылған еріктілер тобы @ansar_volunteer пандемия жағдайына байланысты қиындықтарға тап келген отбасыларға көмектерін жалғастыруда. Еріктілер шілденің 22-ші жұлдызы күні көпбалалы аналарға азық-түлікпен көмек көрсетті.

Көмектері көпке үлгі болған ерікті жастардың жұмысы туралы жергілікті «Рика тв» телеарнасы «Кәусар» бағдарламасы арнайы шығарылым дайындамақшы. Арнайы хабар үшін «Аңсар» орталығының басшысы Н.Жаншин, «Аңсар» волонтерлерінің координаторы Б.Нұрлан, топ мүшелері Н.Қайырғалиұлы, Б.Аманқосқызы сұхбат беріп, жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды.

Комментарии закрыты.