5d3dbefa-e68a-420c-95e6-994f2e3f0d70

Карантин

Еліміздегі карантиндік режимді қайта енгізу – Қазақстан Республикасы азаматтарының қауіпсіздігі үшін қабылданған батыл шешім. Күллі әлемді әуре-сарсаңға салған пандемия елімізге ауыр тиіп отырғаны рас. Осы орайда Еліміздің Президенті карантиндік режимді қайта енгізу арқылы еліміздегі жағдайды тұрақтандыруда.

Ислам діні адам баласының барлығын денсаулығына аманат ретінде қарау керек екендігін ескертеді. Қасиетті Құран Кәрімде «Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар» деп ескерткен. Пандемия барысында жеке бас тазалығын сақтап, карантиндік ережелерді орындау әрбір мұсылман мен Қазақстан Республикасы азаматының елінің алдындағы азаматтық борышы болуы тиіс.

Жидебаев Сұлтан, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының дінтанушы маманы

Комментарии закрыты.