adae29ac-5259-47ae-a3cf-e079c57eeec0

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ «ҚҰРБАН АЙТ» ONLINE-ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ

Құрметті Ақтөбе облысының тұрғындары!

«Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» @din_aktobe тапсырысымен «Жарық» ақпараттық кеңес беру орталығы @zharyk__aktobe және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы @ansar_aqparat #ТАҒЫЛЫМЫ_МОЛ_ҚҰРБАН_АЙТ online-зияткерлік сайысын жариялайды.

ONLINE-БАЙҚАУДЫҢ ШАРТТАРЫ:

Instagram желісінде #ТАҒЫЛЫМЫ_МОЛ_ҚҰРБАН_АЙТ хэштегімен байқау туралы пост жариялау, @din_aktobe@ansar_aqparat@zharyk__aktobe парақшаларына жазылу, белгілеу.⠀
Тіркелу мерзімі: 28 шілде, сағат 17:00-ге дейін.⠀
Оnline-зияткерлік сайыс күні: ⠀
29 шілде түске дейін І кезең;⠀
29 шілде түстен кейін ІІ кезең⠀
Жас шектеуі: 16 жасқа толған Ақтөбе облысының тұрғындары ғана қатыса алады.

ONLINE-БАЙҚАУДЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ:

1. Тіркеу кезеңі: Instagram желісінде байқау туралы пост жариялап, сілтемесі мен қатысушы туралы мәліметті +7 (776) 074 17 07 WhatsApp желісіне жолдап, тіркелу;

2. І кезең. Google Форма желісінде «Ислам ғылымхалы» кітабының «Құрбан айт» бөлімі бойынша тест сұрақтарына жауап беру.
Жоғары ұпай жинаған 10 қатысушы ІІ кезеңге жолдама алады;

3. ІІ кезең. ZOOM платформасында билет таңдау.

Қазылар алқасының бағалауына сәйкес 3 жеңімпаз анықталады. Қалған 7 қатысушыға ынталандыру сыйлығы табысталады.

СЫЙЛЫҚТАР:
І орын – Смартфон Huawei Y6 2019
ІІ орын – Смартфон Samsung Galaxy A01
ІІІ орын – Смартфон Xiaomi Redmi 9A
Ынталандыру сыйлығы: Power Bank Remax Flinc Series Series 5000mah rpl-25 – 7 дана

Комментарии закрыты.