3c7253a5-8df8-4c13-8559-57a543db980a

Діни радикализммен күрестегі ақпараттық жұмыстардың маңызы ⠀

Еліміздегі дін саласын реттеу жұмыстары бүгінгі таңда Конституцияда бекітілген зайырлылық қағидаттарын басшылыққа алады. Сәйкесінше, біздің елімізде адамдардың дінге қатысты қажеттіліктерін еркін өтеулері үшін барлық жағдайлар жасалған. Қолданыстағы заңнамаларда елімізде ешбір діннің міндетті еместігі және ешбір дінге қандай да бір артықшылық берілмейтіні және заңды түрде қызмет атқарып отырған барлық конфессиялардың заң алдындағы теңдігі нақты бекітілген.

Осындай қарапайым әрі түсінікті ережелер, өз кезегінде, жұртшылықтың дін саласында жүргізіп отырған мемлекеттің саясатын оңды бағалауына мүмкіндік беріп отыр деп айтуға болады.

Осы ретте, біздің елімізде дін саласындағы саясатты іске асыру шеңберінде діни радикализмнің өсе түсіп отырған қаупін алдын алуға баса мән беріледі. Бұл бағыттағы дін саласындағы уәкілетті орган болып табылатын Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті барлық деңгейдегі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлестікте және азаматтық қоғам институттарын кеңінен тарта отырып өз құзіреті шегінде бірізді жұмыстар жүргізіп отырғанын айта кету керек.

Уәкілетті органның діни радикализмнің алдын алудағы өз құзіреті шегіндегі жұмыстарында қолданыстағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының және діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» шеңберінде діни әдебиеттер мен ақпараттық материалдарды дінтанулық сараптамадан өткізу, интернет-ресурстарды мониторингтеу арқылы күмәнді діни идеяларды таратумен айналысатын сайттар мен парақшаларды анықтау және оларды бұғаттауға ұсыныс беру жұмыстарынан бөлек жұртшылық арасында діни радикализмге иммунитет қалыптастыру мақсатында ағартушылық-түсіндіру жұмыстарын іске асыруға, әртүрлі теріс діни ағымдар мен жалған діни ұйымдардан зардап шеккендерді оңалтуға және ақпараттық жұмыстар жүргізуге ерекше мән беріледі.

Мейрам Иманбаев, сарапшы
kazislam. kz

Комментарии закрыты.