b0bbca72-c3ec-410e-8fb4-a9ddecd52f1b

«Тағылымы мол Құрбан айт» online зияткерлік сайысының жеңімпаздары марапатталды

«Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» тапсырысымен «Жарық» ақпараттық кеңес беру орталығы және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы ұйымдастыруымен өткен «Тағылымы мол Құрбан айт» online-зияткерлік сайысының марапаттау рәсімі болып өтті.

Марапаттау рәсімінде Ақтөбе облысының дін істері басқармасы басшысы Тұралиев Әлімбек Жәнібекұлы, «Жарық» ақпараттық кеңес беру орталығының басшысы Айгүл Егізбайқызы, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Жаншин Нұрсұлтан Берікұлы жеңімпаздарға құттықтау сөзін сөйледі. «Аңсар» орталығы басшысының орынбасары, теолог Талдыбаев Төлеген Өмірзақұлы қазіргі жаңдайда Құрбан шалу шарттары, білім алудың маңызына тоқталды.

Ақтөбе қаласы және Әйтеке би, Қарғалы, Мұғалжар, Шалқар, Ойыл, Байғанин аудандарынан тіркелген 70-ке жуық қатысушы арасынан озық шыққан 3 үздікке бағалы сыйлықтар, арнайы алғыс хат және кітаптар табысталды.

І орын – Тілеубай Жасмин Жамбылқызы (Смартфон Huawei Y6 2019)⠀
ІІ орын – Мая Берікқызы (Смартфон Samsung Galaxy A01)⠀
ІІІ орын – Өтеулиев Қадырбек Күмісбекұлы (Смартфон Xiaomi Redmi 9A) орындарын иеленді.⠀
Екінші кезеңге өткен 7 қатысушыға 7 ынталандыру сыйлығы (Power Bank Remax Flinc Series Series 5000mah rpl-25) табысталды.

Комментарии закрыты.