0d5dbbe7-dedd-4519-8380-5e3f40f00373(1)

Аңсар волонтерлары бұлақ көздерін ашуға көмектесті

«ANSAR VOLUNTEER» @ansar_volunteer тобы «Байғанин Live» @baiganin_live волонтерлар тобының шақыртуымен Байғанин ауданында бұлақ көздерін ашуға көмектесті.

Волонтерлар Байғанин ауданындағы 3 бұлақ көзін ашуға атсалысты. Шара барысында өңірдің тазалығына білек сыбана кірісіп жүрген азаматтар сұхбат беріп, экологияны сақтау жөнінде пікірлерімен бөлісті.

Байғанин жеріндегі бұлақ көзін ашу барысы және жергілікті белсенділердің экологияны қорғау турасында үндеуі арнайы «ANSAR VOLUNTEER» бағдарламасы үшін жазылып алынды.

Комментарии закрыты.