0d5dbbe7-dedd-4519-8380-5e3f40f00373

«Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер».

Құрметті тұрғындар!

Бүгін 10 тамыз – Абай күні болып болып белгіленді.

Ел президенті Қасым Жомарт Кемелұлы «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында көрсеткендей: «Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер».

Абай өз шығармаларында ғылым-білімді, талап, еңбексүйгіштікті кеңінен насихаттады.

Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Абай атаған бес асыл «толық адамның», «кәміл мұсылманның» бойынан табылуы тиіс ізгіліктер.

Үкімет қаулысымен 10 тамыз – Абай күні болып жарияланып, мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енді. Атаулы мерекемен барлығыңызды құттықтаймыз!

Шын жүректен: «Аңсар» орталығының ұжымы.

Комментарии закрыты.