_1017-18120(1)

Ақтөбе облысының дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері online оқыту курсында біліктіліктерін арттыруда

«Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы», ҚР «Ақпарат және қоғамдық даму» министрлігінің, Дін істері комитеті мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау және қайта даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру» гранты аясында Online оқыту курсы жүзеге асырылуда.

Online оқыту курсында Ақтөбе облысының дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру тобынан 85 маман, ҚМДБ өкілдері, теолог, психолог мамандар біліктілігін арттыруда.

Оқыту бағдарламасында:

«Нұр-Мүбарак» университеті жанындағы экстремизмнің алдын-алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры, теолог-исламтанушы Сабдин Асқар Қалижанұлы @askar_sabdin «Қоғамның дерадикализациясының негізгі мәселелері» тақырыбында;

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, «ҚР лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының» президенті Бишманов Кәкімжан Мұратжанұлы «Жаһандану жағдайында экстремизм мен терроризмге қарсы тұру» тақырыбында;

ҚР мәдениет қайраткері, Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры Абзелбаев Мұрат Назтаевич «Оратордың тіл техникасы» тақырыбында;

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, PhD докторы Бағашаров Құдайберді Сабыржанұлы «Ислам – толеранттылық пен плюрализмді қолдайды» тақырыптарында инновациялық тәсілдерді қолдана отырып семинар қатысушыларына дәріс оқыды.

Комментарии закрыты.