_1017-18120

«Аңсар» мамандары Тандем 104.7 FM радио толқынында

Жергілікті Тандем 104.7 FM радиосы «Аймақ тынысы» бағдарламасында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Панаев Нұрбол Аханұлы қонақта болып, «Дін және жастар» тақырыбында сұхбат өрбітті.

Сұхбат барысында жастардың қызығушылығы, кейбір жастарымыздың деструктивті діни ағымдарға еру себебі, діни білімді мешіт, ресми мекемелерден үйренудің маңызы айтылды.

Осы және дін саласына қатысты басқа да сұрақтарыңыз болса, бейсенбі күндері сағат 18:00-де Тандем 104.7 FM радио толқынында «Аңсар» мамандарын тыңдап, көкейіңіздегі сұрақтарға жауап алсаңыз болады.

Комментарии закрыты.