34d6eded-430c-4bf7-85bf-6fafe4901fb1

«БАБАЛАР МҰРАСЫ – БІЗГЕ АМАНАТ: АЛАШ КЕЗЕҢІ»

«БАБАЛАР МҰРАСЫ – БІЗГЕ АМАНАТ: АЛАШ КЕЗЕҢІ» online-зияткерлік сайысының жеңімпаздары марапатталды

«Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» @din_aktobe «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының @ansar_aqparat ұйымдастыруымен өткен #БАБАЛАР_МҰРАСЫ_БІЗГЕ_АМАНАТ_АЛАШ_КЕЗЕҢІ online-зияткерлік сайысының үздіктері марапатталды.

Марапаттау рәсіміне «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» басшысы – Тұралиев Әлімбек Жәнібекұлы, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Жаншин Нұрсұлтан Берікұлы, «Аңсар» орталығы басшысының орынбасары Талдыбаев Төлеген Өмірзақұлы қатысып, Алаш арыстарының ел келешегі мен дін үшін қылған қызметін темірқазық етіп ұстау өте маңызды екенін жеткізді.

Ақтөбе қаласы және 12 ауданнан қатысқан 42 адамның ішінен үздік шыққан ондық ақтық сында өз білімдері мен ұшқырлығын көрсетті.

Қазылар алқасының шешімімен:
І орын – Тәттіғали Зәру (Кір жуғыш машина)
ІІ орын – Әділет Нұрмұхамбетұлы (Қысқа толқынды пеш)
ІІІ орын – Жетесов Нұртай (Шаңсорғыш)
Жомарт Айшолпан (Термопот шәйнегі) иеленді.

Жеңімпаздарымызды жүлделерімен құттықтай отырып, ұлт қызметінде Алаш азаматтарының жолын жалғастырып, биіктерден көрінуін тілейміз!

Комментарии закрыты.