1_magistr

«Бәйге үшін емес, білім үшін сайысқа түсеміз»

«Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» @din_aktobe «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы @ansar_aqparat ұйымдастыруымен #БАБАЛАР_МҰРАСЫ_БІЗГЕ_АМАНАТ_АЛАШ_КЕЗЕҢІ online-зияткерлік сайысы өз мәресіне жетті.

Сайыста Алаш мұрасы, Алаш қайраткерлерінің діни көзқарасы туралы дұрыс, сенімді ақпарат беру, ұлттық құндылықтар мен тарихи санамызды жаңғырту, бейресми, сыңаржақ пікірлерді бейтараптандыру, оқырмандармен шығармашылық байланыс орнатып, зияткерлік қабілеттерін дамыту көзделді. Сайыстың тартысты өткені мен қатысушылардың «Бәйге үшін емес, білім үшін сайысқа түсеміз» деуі мақсаттың толығымен орындалғанын көрсетеді.

Сайысқа Ақтөбе қаласы және Алға, Әйтеке би, Байғанин, Мұғалжар, Мәртөк, Темір, Ырғыз, Қобда, Қарғалы, Шалқар, Ойыл, Хромтау аудандарынан 42 адам тіркеліп, І кезеңде Google Форма желісінде тест сұрақтарына жауап берді.

Жоғары ұпай жинаған 10 қатысушы ІІ кезеңге өтіп, ZOOM платформасында ауызша билет таңдап, ұшқырлықтарын көрсетті.

Сайысты алғы сөзбен «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» басшысы – Тұралиев Әлімбек Жәнібекұлының ашып, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Жаншин Нұрсұлтан Берікұлы  модераторлық етті.

Сайыстың әділ қазылары:
1. «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы – Разақов Нұрмұхамед Шәмшіұлы;
2. «Ақтөбе медресе колледжі» директоры – Дауренбеков Әбдімүтәлі Қайназарұлы;
3. Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ «Білім мен тәрбиенің дүниетанымдық және әлеуметтік мәселелерін зерттеу» орталығының ғылыми қызметкері, тарих магистрі Сайынов Дәурен Абайбекұлы.

«БАБАЛАР МҰРАСЫ – БІЗГЕ АМАНАТ: АЛАШ КЕЗЕҢІ»
online-зияткерлік сайысының жеңімпаздары арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Комментарии закрыты.