qweadas

«БАБАЛАР МҰРАСЫ – БІЗГЕ АМАНАТ: АЛАШ КЕЗЕҢІ» ONLINE-ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ

«Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» @din_aktobe «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы @ansar_aqparat ұйымдастыруымен «Бабалар мұрасы – бізге аманат: Алаш кезеңі» online-зияткерлік сайысы өтті.

Сайыста Алаш мұрасы, Алаш қайраткерлерінің діни көзқарасы туралы дұрыс, сенімді ақпарат беру, ұлттық құндылықтар мен тарихи санамызды жаңғырту, бейресми, сыңаржақ пікірлерді бейтараптандыру, оқырмандармен шығармашылық байланыс орнатып, зияткерлік қабілеттерін дамыту көзделді. Сайыстың тартысты өткені мен қатысушылардың «Бәйге үшін емес, білім үшін сайысқа түсеміз» деуі мақсаттың толығымен орындалғанын көрсетеді.

Сайысқа Ақтөбе қаласы және Алға, Әйтеке би, Байғанин, Мұғалжар, Мәртөк, Темір, Ырғыз, Қобда, Қарғалы, Шалқар, Ойыл, Хромтау аудандарынан 42 адам қатысты.

І кезеңнен үздік шыққан ондық ақтық сында өз білімдері мен ұшқырлығын көрсетті.

Қазылар алқасының шешімімен:
І орын – Тәттіғали Зәру (Кір жуғыш машина)
ІІ орын – Әділет Нұрмұхамбетұлы (Қысқа толқынды пеш)
ІІІ орын – Жетесов Нұртай (Шаңсорғыш)
Жомарт Айшолпан (Термопот шәйнегі) иеленді.

 

Комментарии закрыты.