_1048-7833

«АТА ЗАҢ – ЕЛІМІЗДІҢ ТІРЕГІ, ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТҰҒЫРЫ» online байқауы

Құрметті Ақтөбе облысының тұрғындары!

«Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» ММ «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы» КММ Конституция күніне орай «Ата заң – еліміздің тірегі, тәуелсіздігіміздің тұғыры» online байқауын жариялайды.
 Қазақстан Республикасының Конституциясы және ҚР-ның «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» Заң жобасымен танысып, дін саласындағы заңнамаларды «Аңсар» орталығымен бірге білуге шақырамыз!

ONLINE-САЙЫСТЫҢ ШАРТТАРЫ:
1. Instagram желісіне «Ата заң – еліміздің тірегі, тәуелсіздігіміздің тұғыры» online байқауының афишасын жариялау;
2. @din_aktobe@ansar_aqparat парақшаларына жазылу;
3. @ansar_aqparat парақшасындағы байқау постының астына 5 досыңызды белгілеу;
4. 8 (776) 074 17 07 WhatsApp желісі арқылы тіркелу;
5. Тіркелу мерзімі: 26-тамыз, сағат 18:00-ге дейін;
6. Жас шектеуі: 16 жасқа толған Ақтөбе облысының тұрғындары ғана қатыса алады.

ONLINE САЙЫСТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ:
І кезең Instagram желісіне «Ата заң – еліміздің тірегі, тәуелсіздігіміздің тұғыры» online байқауының афишасын жариялау, 8 (776) 074 17 07 WhatsApp желісі арқылы тіркелу;

ІІ кезең. Google Форма желісінде Қазақстан Республикасының Конституциясы және ҚР-ның «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» Заң жобасы аясында тест сұрақтарына жауап беру.

Тесттің өту уақыты: 27-тамыз, сағат 10.00
Барлығы 25 сұрақ тестке 25 минут беріледі.
Жоғары ұпай жинаған 5 қатысушы І, ІІ, ІІ орын иеленеді.

Сыйлықтар:
І орын – Құлаққап (1 дана)
ІІ орын – Термокружка (2 дана)
ІІІ орын – Монопад (2 дана)

Комментарии закрыты.