b8d225d5-7e0f-4842-a0d8-a30fa6b10aa8

«Ansar volunteer» тобы «Мектепке жол» акциясы аясында 6 отбасының 16 баласын оқу-құралдармен қамтамасыз етті

Білім алушылар үшін бастау алған «Мектепке жол» акциясы аясында «Ansar volunteer» тобы 33.000 теңге көлемінде қаржы жинады.

Барлығы 6 отбасының 16 баласын (оқушы) «Хасен» сауда орталығынан 30% арнайы жеңілдік ұсынуымен 24 060 теңгелік оқу-құралдармен қамтамасыз етті. Қалған қаражат жинақ қорында сақтаулы.

Сонымен қатар, көмек көрсетілген оқушылардың ата-аналарына АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) алу, тіркеуге тұру, бизнес бастау, кәсіппен айналысу туралы толық ақпараттар берілді.

Білім жолына басқан әр оқушының қадамы оң болып, @ansar_volunteer тобының ісінде береке тілейміз!

Комментарии закрыты.