_1048-7833

Кимешек – әншейін бір бөз емес

Кимешек – ұғымы тілімізге және ұлттық болмысымызға сіңген қастерлі сөз. Бұл сөзді айтқанда, кімнің болмасын, ойына ең әуелі өзін аялаған ақ жаулықты анасы түсетіні анық. Олай болса кимешек ұғымы біздің бойымызға ана сүтімен дарыған қасиетті ұғым.

Кимешек – атауы жаулықтың, орамалдың қазақша төл атауы.

Кимешек – әншейін бір бөз ғана емес, оны Ұлы Алла Тағала парыз еткеннен бастап, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз жұбайларына һәм әйел сахабаларға жеткізді. Олар оны бұлжытпай орындады. Ол тек намаз кезінде ғана тағатын, шүберек қана емес, керісінше, мұсылман аналарымыздың аппақ ары болғандықтан, кимешек құнды қазына болып, діни (фәрғи болса да) бедел һәм киелі әрі иелі зат екенін ерте қалыптастырды.

Кимешек – ақ матадан тігілген, омырау мен арқаны жауып тұратын, беті ойылып жасалған, әртүрлі үлгідегі бас киім болса да, атам қазақтың күнделікті өмірде, көзі, тіпті қанымен жанына сіңіп кеткен, ажырамас аналар құндылығы болып табылады. Кимешекті – барлық ана тағады. Алайда ол дәрежеде, сән де емес. Тұнған ар, тұнық ұят, әуенді әуез әрі сіңген ұлттық болмыс.

Кимешек – беделінің мойындалуы аналарымыздың шын мәнінде, ауылға әрі балаға басшылық етуіне тікелей байланысты. Ауыл анасы, арнаулы ат- атағымен, ауылдастар және көршілер алдында, үлкен беделді тұлғаның нақ өзі болды. Аналардың ақ кимешегі өміріндегі тәжі, ар-намыстың ақ туы болса, өмірден өтіп кетсе, өшпес елесі болып қалды.

Кимешек – уақыттың сырғуына жалтақтамайтын, ананың абырой- беделін қорғайтын, төмен емес, жоғары қойылатын, өзінің қадірін жоғалтпайтын киелі киім.

Кимешек – өңі секілді өзі де аппақ қасиетті бас киім. Көненің көзі, ененің бөзі. Ақжаулық ананың ақ сүтінен нәр алған, өң әрі рең.

Кимешек – той-томалақта киіп, басқа уақытта шешіп тастайтын, қазіргінің көйлегі емес, ол өмір бойы есігі мен бесігін ардақтаған аналар, қауымының басында ұстайтын, бөлінбес бөлшек бөзі. Маңдай тері мен жұпар иісі сіңген бұйым.

#qazaq_orkeniet

Комментарии закрыты.