e65608f2-5c0e-4d0a-ae42-58da93162afa

Алаш айтқан асыл сөз

Бір қатар адамдар отан, ұлт мәселесімен тек жоғары лауазымды және ой кешті адамдар айналысса болар – деседі. Отан, ұлт мәселесі баршаға ортақ. Әркім: үлкен де, кіші де бұл жайлы ойласа керек. Отанға, ұлтқа қызмет ету – жоғары мәнсапты яки бай адамдарға ғана міндетті емес. Ниеті, ықыласы дұрыс болса, жай, орташа адамдар да отанға қызмет ете алады. Әр кісінің өзіне тиісті борышы бар. Әркім шамасы жеткенше қолынан келген істі атқарса болады.

Ғұмар Қарашұлы (1875-1921)
Алашорда үкіметінде сайланған алғашқы қази

Комментарии закрыты.