119166274_2690183957976728_5324221370255100034_n

«Аңсар» орталығына жаңа орынбасар тағайындалды

Бүгінгі күнге дейін «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы басшысының орынбасары қызметін атқарған, орталықтың негізін қалаушылардың бірі Талдыбаев Төлеген Өмірзақұлының жұмыс орны өзгеруіне байланысты орталыққа жаңа орынбасар тағайындалды.

Тағайындау рәсіміне Ақтөбе облысының дін істері басқармасы басшысы Тұралиев Әлімбек Жәнібекұлы қатысып, жаңа лауазымға тағайындалған Қалманов Мейірбек Камалбекұлына сәттілік тіледі.

Өз кезегінде орталық басшысы Нұрсұлтан Берікұлы ұжыммен таныстырып, бірлесе жемісті жұмыс атқарылатынына сенім білдірді.

Қалманов Мейірбек Камалбекұлы – «Аңсар» орталығы басшысының орынбасары.

1993 жылы 21 тамызда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Шалқия кентінде дүниеге келген.

2010-2014 жж. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті теология мамандығы бойынша бакалавр бітірген;

2014-2015 жж. «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының Мұғалжар ауданы бойынша теолог қызметін атқарған;

2016-2017 жж. Ақтөбе облысының дін істері басқармасында бас маман қызметін атқарған;

2017-2020 жж. Түркия мемлекеті, Конья қаласы, Неджметтин Эрбакан Университеті, «Теология» факультеті, «Мәзһабтар тарихы» бөлімінің магистратурасын тәмамдаған.

«Аңсар» орталығының ұжымы атынан Мейірбек Камалбекұлының жұмысына сәттілік тілейміз!

Комментарии закрыты.