833361d6-88de-4972-9bc5-9de366b0d4e4

БАҚ, интернет ресурстарымен жұмыс және діни ахуалды талдау бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Бүгінгі күнге дейін «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының «Кеңес беру және оңалту» бөлімінің басшысы қызметін атқарған Нұрмұхаммет Шәмшіұлы жаңа лауазымға тағайындалды.

Орталық басшысы Нұрсұлтан Берікұлы Нұрмұхаммет Шәмшіұлы жаңа лауазымымен құттықтап, берекелі жұмыс тіледі.

Разақов Нұрмұхаммет Шәмшіұлы – «БАҚ, интернет ресурстарымен жұмыс және діни ахуалды талдау» бөлімінің басшысы.

1967 жылы 10 қазан күні Түркіменстан Республикасы, Дашогуз облысында дүниеге келген.

1990-1995 жж. Алматы қаласы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Филология» мамандығы бойынша бакалавр бітірген;

2000-2003 жж. М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті «Жалпы психология» мамандығы бойынша бітірген;

1991-2008 жж. білім саласында қызмет атқарған;

2009-2014 жж. Ақтөбе медресе колледжі директорының орынбасары қызметін атқарған;

2016-2017 жж. «Аңсар» ақпараттық талдау орталығында бөлім басшысы қызметін атқарған;

2017-2019 жж. «Алға аудандық дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталық» КММ басшысы;

2019-2020 жж. «Аңсар» ақпараттық талдау орталығында бөлім басшысы қызметін атқарған.

«Аңсар» орталығының ұжымы атынан Нұрмұхаммет Шәмшіұлының жұмысына сәттілік тілейміз!

Комментарии закрыты.