IMG_1576

Кеңес беру және оңалту бөліміне жаңа басшы тағайындалды

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының білікті теологы Такеев Нұрлыбек Панабайұлы «Кеңес беру және оңалту» бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Орталық басшысы Нұрсұлтан Берікұлы Нұрлыбек Панабайұлын жаңа лауазымымен құттықтап, берекелі жұмыс тіледі.

Такеев Нұрлыбек Панабайұлы – «Кеңес беру және оңалту» бөлімінің басшысы.

1980 жылы 5-желтоқсан күні Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген.

2000-2004 жж. Шымкент қаласы, Қазақ-араб халықаралық университетінде «Араб тілі және дінтану» мамандығы бойынша бітірген;

2004-2006 жж. А.Яссауи діни бірлестігінде ұстаздық қызметін атқарған;

2006 ж. «Ақмешіт» мешітінде ұстаздық қызмет атқарған;

2007-2008 жж. Шалқар аудандық «Тоғыз» мешітінде ұстаздық қызмет атқарған;

2008-2011 жж. Мәртөк аудандық орталық мешітінде бас имам қызметін атқарған;

2011-2012 жж. Шалқар аудандық «Ислам» мешітінде бас имам қызметін атқарған;

2012-2017 жж. Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінде бас имам қызметін атқарған;

2017-2018 жж. Ақтөбе қалалық «Сүлеймен ата» мешітінде бас имам қызметін атқарған;

2019-2020 жж. «Аңсар» ақпараттық талдау орталығында теолог қызметін атқарған.

«Аңсар» орталығының ұжымы атынан Нұрлыбек Панабайұлының жұмысына сәттілік тілейміз!

Комментарии закрыты.