Рисунок1

«Ansar volunteer» тобына семинар-тренингтер өтуде

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының жанынан ашылған «Ansar volunteer» тобының бастамасымен топ мүшелеріне тұрақты түрде дамудың 4 бағыты бойынша іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Алғашқы шара психологиялық дамуға арналып, «Аңсар» орталығының бөлім басшысы, психолог Нұрмұхамед Шәмшіұлы «Қоғам туралы позитивті ойлау» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. «Ansar volunteer» тобының жетекшісі Серік Қайырұлы @serik.sunnet психологиялық семинар-тренингтер волонтерлардың психологиялық сауаттылығын, эмоциялық интеллектін арттыру мақсатында жүйелі түрде жүзеге асырылатынын жеткізді.

@ansar_volunteer тобы тұрақты түрде aптаның соңғы күндерінде
#Аңсар_білім
#Аңсар_саулық
#Аңсар_таза_қала
#Аңсар_қамқорлық  бағыттарында іс-шаралар өткізбекші.

Жалынды жастармен бірге дамып, жақсылыққа үлес қосқыңыз келсе @ansar_volunteer
тобына тіркеліңіз.

Комментарии закрыты.