991e577c-d0c3-4bbc-a480-95b8147c4b67

Дін саласындағы еңбегі үшін Төлеген Өмірзақұлы марапатталды

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының негізін қалаушылардың бірі, басшылық қызметте жұмыс атқарған, облыс әкімінің қаулысы бойынша «Жыл адамы-2019» иегері, республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, орталық жұмысының алға басуына зор үлес қосып,
облысымыздағы дін саласында аянбай еңбек еткен Төлеген Өмірзақұлына Ақтөбе облысының дін істері басқармасы басшысы Әлімбек Жәнібекұлының атынан арнайы алғыс хатпен марапатталып, орталық атынан шағын сыйлық табыс етіліп, ілтипат көрсетілді.

«Аңсар» орталығының басшысы Нұрсұлтан Берікұлы көпшілік теолог мамандардың жол нұсқаушы ұстазы бола білген, аймақтағы діни ахуалдың тұрақталуына Төлеген Өмірзақұлы секілді ізденімпаз, еңбекқор, сауатты мамандардың еңбегі өлшеусіз екендігін жеткізді.

Бүгінде дін саласында білікті мамандар даярлау, шәкірттерге білім беру мақсатында таңдаған жаңа қызметіңізге, бастамаңызға сәттілік тілейміз! Деніңіз сау, отбасыңыз аман болсын Әрдайым ізгілік пен имандылықты насихаттауда талабыңыз талмасын!

Комментарии закрыты.