Рисунок1

Кітапхана оқырмандарына «Діни экстремизм – қауіпті құбылыс» атты сұхбат өтті

С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы қызметкерлері мен @aqtobe_madeniet инстаграм парақшасының оқырмандарына тікелей эфирде «Діни экстремизм – қауіпті құбылыс» атты сұхбат өтті.

Шара барысында «Аңсар» орталығының бөлім басшысы Нұрмұхаммет Шәмшіұлы ислам дінінің негізгі бағыттары мен құндылықтары, теріс ағымдардың алдын алу жөнінде әсерлі сұхбат өрбітті.

Оқырмандар тарапынан «Экстремизмнің негізгі белгілерін қалай ажыратамыз?», «Бүгінгі шиеленіскен діни ахуалдың себеп-салдары қандай?» т.б. көптеген сұрақтар қойылып, тұшымды жауап алынды.

Комментарии закрыты.