Рисунок1

Атаулы ақпараттық түсіндіру жұмыстары қайта жанданды

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы, теолог Нұрлыбек Панабайұлы Есет батыр атындағы спорт интернат колледжінің студенттерімен «Дін және тұрақтылық» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесуде еліміздегі діни тұрақтылықты сақтап, жастарды жат ағымдардың ықпалынан қорғау үшін, қажетті діни мәліметтерді алу мақсатында арнайы мамандандырылған діни қызметкерлердің ғана ақыл-кеңесіне жүгінудің маңызы айтылды.

Сонымен қатар, кездесуге Ауған соғысының ардагері, «Құрмет» орденінің иегері, «Ер-Бақыт» спорттық клубының төрағасы Марат Қойлыбаев қатысып, жастарға бейбіт өмірдің қадір-қасиеті мен ұлттық құндылықтардың маңызын түсіндірді.

«Аңсар» орталығының теолог, психолог мамандары online және offline форматта дін мәселелеріне байланысты атаулы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде өткізетінін естеріңізге саламыз. Және діни ақпараттарды арнайы мамандардан ғана алуға шақырамыз!

Комментарии закрыты.