123456

Достық үйінде теологпен кездесу ұйымдастырылды

Қазақстан халқы ассамблеясы Достық үйінде практикадан өтуші жастарға «Дестуктивті діни ағымдардың жастарға ықпалы» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуді «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Қайрат Еділұлы жүргізіп, жастардың сұрақтарына толыққанды жауап берді.

Деструктивті ағымдардың әлеуметтік желі арқылы негізінен жастарды арбауы және жастарды өз қатарларына тартудың басты себебі адам жас шақта жастық максимализмге бейім келетінін ескеріп, ел келешегін өз қолдарына түсіру екендігі айтылды.

Жастарымызды сыни ойлауға, діни сауаттылыққа шақырамыз. «Аңсар» орталығы жанынан ашылған @ansar_volunteer тобының қатарына қосылып, жалынды жастармен бірге даму жолында болыңыздар!

Комментарии закрыты.