12312

Көкшетау техникалық институтында offline және online дәріс өтті

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Нұрбол Аханұлы Көкшетау техникалық институтының Ақтөбе қаласындағы оқу орталығында offline және online дәріс өткізді.

Кездесу «Діни экстремизм: жеке құрам арасында деструктивті топтарға тәуелділіктің алдын алу және ескерту» тақырыбына арналды. Дәрісті аудиториядан offline және ZOOM платформасы арқылы online форматта тыңдау мүмкіндігі жасалды.

Теолог маман қоғамымызда түрлі теріс идеологияларды ұстанып, дін атын жамылып жүрген деструктивті ағымдардың қателіктері мен олардың өз қатарына шақыру әдістері, тыйым салынған әдебиеттері туралы ақпарат беріп, деструктивті діни идеологияны насихаттауға заңдық тұрғыдан тыйым салынып, жауапқа тартылатынын жеткізді.

Әсіресе интернет ресурстарынан діни білім аларда асқан сақтық танытып, ресми, арнайы сайттар мен әлеуметтік желілерге тіркелу қажеттігін тағы бір мәрте ескертеміз.

Комментарии закрыты.