757575

Орталық басшысы мемлекеттік қызметкерлерге online дәріс өткізді

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Берікұлы Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау академиясында мемлекеттік қызметкерлерге 2 сағаттық online дәріс өткізді.

Zoom платформасында өткен «Қоғамның рухани қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі діннің рөлі» дәрісінде мемлекеттің зайырлы, теократиялық, атеисттік құрылымдары туралы түсінік беріліп, оның ішінде зайырлы мемлекет анықтамасына тоқталды.

Зайырлылық туралы ғылыми тұжырымдамалар, еліміздегі рұқсат етілген діни бірлестіктер мен конфессия аралық келісім туралы айтылды.

Соңғы уақытта елімізде түрлі діни ағымдардың көбею факторлары:

  1. Кей азаматтардың шетелдік бейресми, күмәнді діни оқуларды бітіріп, теріс идеологияны ел ішінде таратуы;
  1. Көшелерде емін-еркін, ашық түрде белгісіз діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы материалдардың таралуы;
  1. Интернет сайттар, әлеуметтік желілер арқылы теріс ағымдар қоғамның рухани қауіпсіздігіне қатер төндіріп отырғаны айтылды.
Өз кезегінде @ansar_aqparat оқырмандарын діни білімді тек қана мешіт имамдарынан, ҚМДБ ұстаздарынан алуға, діни кітаптарды арнайы рұқсат етілген орындардан ғана сатып алуға, интернет ресурстарынан діни ақпаратты тек ресми сайттар мен ресми әлеуметтік желілерден алуға шақырамыз. Бұл сіздің және қоғамның қауіпсіздігі үшін маңызды!

Комментарии закрыты.