Рисунок1

«Аңсар» орталығы Әйтеке би ауданында іссапарда

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығы Әйтеке би ауданында 2 күндік іссапарда болып, дін мәселелері бойынша атаулы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Орталық басшысының орынбасары Мейірбек Камалбекұлы Әйтеке би аудандық мәдениет үйінде «Мемлекеттің зайырлылық қағидаттары» тақырыбын түсіндірсе, орталық теологы Роза Бақытқызы «Отбасы құндылықтары» мәселесіне тоқталды.

Келесі кездесу Әйтеке би аудандық спорт мектебінде өтіп, орталық басшысының орынбасары Мейірбек Камалбекұлы өңірдегі діни ахуалға тоқталып, деструктивті діни ағымдардың белгілерін айтты. Өз кезегінде теолог Төлеген Өмірзақұлы «Уаххабилік ағымның тарихы және оның зардаптары» тақырыбында дәріс оқыды.

Соңғы кездесу Әйтеке би аудандық Теміржол депосында өткізіліп, Мейірбек Камалбекұлы «Деструктивті діни ағым зардаптары» тақырыбына, теолог Төлеген Өмірзақұлы «Отбасындағы рухани тәрбие» мәселесіне тоқталды. Қазіргі таңда деструктивті ағымдар жас жеткіншектерді ғаламтор желісі арқылы өз қатарына шақыру фактілері бар, сол себепті де ата-ана мен бала арасында сенім орнатып, жастарды интернеттегі теріс пиғылды ағымдардың сақтай білу маңызды болып отыр.

Комментарии закрыты.