4353

Медицина университетіне online дәріс ұйымдастырылды

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің @zkmu_official студенттеріне «Аңсар» орталығы тарапынан «Дін және Жастар» тақырыбында online дәріс ұйымдастырылды. Online дәріске 98 студент қатысты.

Дәрісті «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Қайрат Еділұлы жүргізіп, жастардың сұрақтарына жауап берді.

Online кездесу барысында деструктивті діни ағымдардың жастарды өз қатарларына шақыру үшін жасалатын жұмыс жүйесі түсіндірілді. Мысалы: бастапқыда жалған жанашырлық танытып, жастардың мұқтаждықтарына көмек беру, интернет желілері арқылы мазалаған сауалдарына жауап беріп, жалған идеологияны таңу арқылы ұлттық болмыстан ажыратып, салт-дәстүрді жоққа шығаруға тырысу, т.б.

Өз кезегінде діни сауалдарыңызға жауапты арнайы, сенімді мекемелердің ресми желілерінен алуға шақырамыз!

Діни сұрақтарыңызды «Аңсар» орталығының 8 (776) 074 17 07 нөмірі бойынша «Сенім телефоны» қызметіне жолдасаңыздар болады. Сауалдарға білікті теолог, психолог мамандар жауап беріп, анонимділік сақталады.

Комментарии закрыты.