Рисунок4

Мәртөк аудандық АТТ мүшелеріне online семинар өтті

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Берікұлы Мәртөк аудандық дін мәселелері жөніндегі АТТ мүшелеріне ZOOM платформасында online семинар өткізді.

Семинар барасында профилактикалық жұмыстың маңызы, АТТ мүшесінің білімі мен іскерлігіне қойылатын біліктілік талаптары мен спикердің сырт келбеті, сөйлеу ерекшеліктері айтылды.

Дін мәселелері жөніндегі АТТ мүшесі білуі тиіс:
– ҚР Конституциясы, ҚР Діни саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын;
– ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын;
– «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР 2011 жылғы 11 қазандағы №483-ІҮ Заңын;
– «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР 1999 жылғы 13 шілдедегі №416 Заңы;
– «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР 2005 жылғы 18 ақпандағы №31 Заңы және нақты лауазымдық міндеттерді орындауға қатысты басқа да құқықтық актілерді; іскерлік қарым-қатынас нормаларын; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, бағдарламалық құжаттарды және дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын қолдана отырып жұмыс нысандары мен әдістерін.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің ұсынуымен дін мәселелері бойынша атаулы ақпараттық түсіндіру жұмыстары 10 категория бойынша жүзеге асырылатыны айтылды.

Атап айтсақ:
1) Жастар;
2) Базарларда, саудамен айналысатын тұлғалар;
3) Шетелден оралған азаматтар;
4) Еңбек мигранттары;
5) Вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдар;
6) Қоғамдық көлік ұйымдарының қызметкерлері;
7) Жұмыссыз азаматтар;
8) Азаматтардың әлеуметтік осал санаттары;
9) Халықтың маргиналдық бөлігі;
10) Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар.

Комментарии закрыты.