Рисунок2

Ақтөбелік білім орындарына оnline дәрістер жалғасуда

Жаңа оқу жылының басталуына орай Ақтөбе қалалық білім бөліміне қарасты 80 білім орнымен 2020 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында ZOOM платформасы арқылы online атаулы ақпараттық түсіндіру жұмыстары өткізілуде.

Кезекті online дәрістердің бірін «Аңсар» орталығының бөлім басшысы, теолог Нұрлыбек Панабайұлы Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика интернатының оқушыларына өткізді. Дәрісте діни экстремизмнен алыс болу мәселесі жан-жақты айтылып, online кездесуге 40 оқушы қатысты.

Екінші online дәріс Ақтөбе білім-инновация лицейінің @bil.aqtobe шәкіртеріне өткізіліп, «Діни экстремизм және терроризм» тақырыбына арналды. Дәрісті «Аңсар» орталығының теолог маманы Нұрбол Аханұлы жүргізіп, қазіргі кезде жалған сенімнің жетегіне еріп адасып жүрген топтардың сипаттары, олардан сақтану жолдарын айтты. Дәріс ке 62 оқушы қатысып, барлық сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Комментарии закрыты.