Алғашқы бөлімінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз хатшысы Ақерке Берлібай ZOOM платформасы арқылы қосылып, «Әлеуметтік желілердегі коммуникациялық менеджмент: Мемлекеттік мекемелер» тақырыбында дәріс оқыды.
Семинардың екінші бөлігінде баспасөз қызметкерлеріне «Что? Где? Когда?» зияткерлік ойыны ұйымдастырылып, логикалық ойлау, креативтілік сынға түсті.
Ойын нәтижесінде Ақтөбе облысының дін істері басқармасы маманы Гүлжанат Айсұлтанқызы, «Аңсар» орталығының маманы Гүлзат Мұратқызы және Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметкерлерінен құралған «Пресса» тобы І орын иеленіп, «Аңсар» орталығының маманы Г. Мұратқызы «Үздік ойыншы» атанды.
Ерекше форматтағы оқыту семинарын өткізген ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз және мамандарымызды жеңісімен құттықтаймыз!