611c04997e5a0ecd

Open space форматындағы атаулы ақпараттық түсіндіру жұмыстары

Діни экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алу мақсатында халықтың осал топтарына бағытталған ақпараттық түсіндіру жұмыстары Open space форматында қаламыздың сауда орындары мен базарларында ұйымдастырылды.   Ақтөбе облысының дін істері, кәсіпкерлік басқармалары, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы, Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту орталықтарының мамандары халық көп шоғырланатын «Орталық базар» аумағында тұрғындардың теологиялық, психологиялық, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту және әлеуметтік мәселелерге байланысты сұрақтарына жауап беру мақсатында тұрғындарға кеңес беру күнін өткізді.

Комментарии закрыты.