500_F_138683961_ncOVcRh8Md9wLk3T4mSjffNxiUdi6T7k(1)

«Алтай» жабық базарында түсіндіру жұмыстары өтті

Ақтөбе қаласындағы «Алтай» жабық базарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Аңсар» орталығы және Ақтөбе қалалық діни орталықтарының теолог мамандары мен қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандары бірлесіп дін және жұмыспен қамту мәселелері бойынша ақпараттар беріп, бүктемелер таратты.

Түсіндіру жұмыстары барысында деструктивті діни ағымдар әлеуметтік желілер арқылы дәстүрлі емес экстремисттік идеологияны насихаттап, ел арасына іріткі салып отырғандығы жеткізілді. Сол себепті діни ақпараттарды сенімді, ресми дереккөздерден ғана алу қажеттігі ескерілді.

Комментарии закрыты.