54b49a16-4d77-4c75-b6bb-336ccbdba936

Мерекеге орай «Ғибрат» бағдарламасы бастау алды

Бүгінгі мерекеге орай «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының жаңа жобасы «Ғибрат» діни-танымдық бағдарламасы бастау алды.

Бағдарлама мақсаты: Халыққа діни мәселелер бойынша дұрыс, сенімді ақпарат беріп, ұлттық құндылықтар мен тарихи санамызды жаңғырту және тұрғындардың діни сауаттылығын арттырып, бейресми, сыңаржақ пікірлерді бейтараптандыру.

Халқымыз әуелден қартын сыйлап, кеңесіне әрдайым құлақ қойған, өмірінде іске асырған. Осы себептен де бағдарламаның алғашқы қонағы зиялы қауым өкілдерінің алды, білім беру саласына сіңірген еңбегі зор,
С. Бәйішев атындағы университеттің президенті – Ахан Бекежан мырза болды.

Бағдарламада қоғамдағы әдеп мәселесі көтеріліп, тұшымды әңгіме, келелі сұхбат өрбіді. Бағдарламаның бейне жазбасы толық нұсқада жақын күндерде ресми әлеуметтік желілерге жарияланады.

Құрметті оқырман, өнегеге толы сұхбатты жіберіп алмаңыздар!

Комментарии закрыты.