Рисунок3

ONLINE ДӘРІСТЕР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Ақтөбе қаласында орналасқан білім орындарында дін мәселелері бойынша online атаулы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғасын табуда.

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Нұрбол Аханұлы @nurbolpanayev №2 орта мектептің жоғары сынып оқушыларына «Деструктивті діни ағымдардың зардаптары» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріске 16 оқушы қатысып, әлеуметтік желілердегі деструктивті ағымдардың арандату тәсілдері, олардан сақтану жолдары туралы ақпарат білді.

Келесі online дәрісті М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенттеріне орталық теологы Қайрат Еділұлы «Дін және Жастар» тақырыбында өткізді. Дәрісте дәстүрлі дін және деструктивті діни ағымдардың айырмашылығы айтылып, студенттердің сауалдарына жауап берілді. Online дәрісте 97 студент қамтылды.

Бүгінгі соңғы online дәріс №1-2 орта мектептерге «Қазақстандағы діни ахуал» тақырыбында өткізілді. Дәрісті «Аңсар» орталығының дінтанушы маманы Сұлтан Жидебаев өткізіп, тыңдармандардың сұрақтарына толыққанды жауап берді. Дәріске 17 оқушы қатысты.

Комментарии закрыты.