dfdgd

Теологиялық түсіндіру жұмыстары халық арасында

Халықтың түрлі топтары арасында дін саласындағы құқықтық сауаттылық, базалық білім және азаматтардың ақпараттандырылуын арттыру мақсатында Ақтөбе қаласында орналасқан базарлар мен сауда орындарында атаулы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүрді.

Түсіндіру жұмыстарын «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы, Ақтөбе қалалық дін орталығы және Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту бөлімінің мамандары «Астана» сауда үйі, «Шығыс» базары, «Keruen City» сауда-ойын-сауық орталықтарында жүргізді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының өзекті бағыттарының бірі – дін мен салт-дәстүрлер сабақтастығы. Конституциялық және заңнамалық нормаларға сәйкес, дін мемлекеттен бөлінген, бірақ өздеріңіз білетіндей, дін қоғамнан және оның күнделікті өмірінен ажыратылмайды. Діннің қоғамның күнделікті өмірінен көрініс табуы ұлттық салт-дәстүрімізде, рухани құндылығымызда жатыр.

Комментарии закрыты.