Рисунок1

«Халық алғысы» медалімен «Аңсар» маманы наградталды

ҚР Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығы бойынша «Халық алғысы» мерекелік медалімен «Аңсар» орталығы «БАҚ, интернет ресурстарымен жұмыс және діни ахуалды талдау» бөлімінің маманы Бағылан Қанатұлы  наградталды.

Қала әкімінің орынбасары Азамат Бекет тобының координаторы Бағылан Қанатұлын топ мүшелерімен бірге пандемия кезінде көрсеткен қажырлы еңбегі үшін «Халық алғысы» медалімен марапаттады.

Марапаттау шарасы «Аңсар» орталығында жалғасып, орталық басшысы Нұрсұлтан Берікұлы бірқатар мамандарға қызметтік куәлік табыстады.

Мамандарымызды жетістіктерімен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз елге пайдалы болып, руханият үшін атқарып отырған қызметтеріңіз берекелі болсын!

Комментарии закрыты.