23454

Ақтөбе облысының дін саласындағы мамандарының біліктілігін арттыру семинары

Ақтөбе облысының дін істері басқармасы «Ансар» кеңес беру-оңалту және «Аңсар» ақпараттық талдау орталықтарының ұйымдастыруымен «Деструктивті діни ағым ұстанушыларын ғылыми тұрғыда оңалтудың әдіс-тәсілдері» атты 2 күндік семинар өтті.

Семинарда «Нұр Мүбарак» ЕИМУ ұстаздары, исламтанушы, PhD докторы Жамашев Азамат Шотбайұлы және Стамбакиев Нұржан Жақсылықұлы дәріс оқыды.

Семинарға Ақтөбе облысы бойынша теологтар, имамдар және медресе шәкірттері қатысты.

Теологтар мен имамдар арасында «Ақтөбе медресе колледжінің» спорт залында футболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылды.

Комментарии закрыты.